Қауіпсіздік қызметі республика муфтиін қамауға алды
БІШКЕК. 17 ақпан. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті республиканың муфтиі Мақсатбек Токтомушовты ұстады. Бұл туралы K-News хабарлады.
Бұдан бұрын Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қырғызстан Діни істері басқармасының бас есепшісінің үстінен сотқа дейінгі тергеу процесін бастап кеткен болатын. Оған мемлекеттік комитет қызметкерлеріне айрықша ірі көлемде пара берді деген күдік таңылды.
Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижелері бойынша, аталмыш қылмыстың жасалуына мүфти Максатбек қажы Тоқтомушовтың тікелей қатысы бар екені, сондай-ақ басқа да қаржылық қитұрқылықтарға жол бергені бұлтартпас дәлелдермен айғақталды. Атап айтқанда, ол қажылыққа барғандар түсіретін ақшаны пайдалануға байланысты құқықтық тәртіп бұзған болып шықты.
Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.