Эстония оппозиционерлері елді Ресейге қосуды ұсынды
ТАЛЛИН. 10 қаңтар. Эстония парламентіндегі оппозициялық Реформалар партиясының өкілдері Ресейге қайта қосылуды ұсынды. Бұл туралы delfi.ee хабарлады.
Реформалар партиясының үш өкілі Лаанеотс, Круусе және Яансон ел парламенті – Рийгикогуге («Халық жиыны») Эстония Республикасының Ресей Федерациясы құрамына енуі туралы халықтық референдум өткізу жөнінде дайынаған жобаларын тапсырды.
Эстония сыртқы істер министрі УрмасРейнсалу парламенттегі оппозиция өкілдерін бірден сынға алды. «Осындай ұсыныс беру арқылы депутаттар Рийгикогуде берген анттарын бұзып отыр», – деді ол.
Рейсалудың ойынша, мұндай ұсыныстарды парламентте талқылауға болмайды.
Премьер-министр Юри Ратас та оппозиционерлердің бұл ұсыныстарын сынмен қарсы алды. Ол мұны Конституция талаптарын бұзу деп есептейді. «Мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық», – деді ол.
Қазір мұны қағып алған Ресей сайттары жарыса жариялап жатыр.