ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр
БІШКЕК. 10 қаңтар. Қырғызстанда ел президентін сайлау мен басқару пішінін анықтау жөніндегі референдум басталды. Бұл туралы K-News хабарлады.
Ел президенттігі үшін 18 үміткер өзара таласқа түсіп жатыр.
Олардың арасында мыналар бар:
- Абакиров Эльдар Курманбекович
- Абдылдаев Арстанбек Бейшеналиевич
- Арстанбек Мыктыбек
- Асанов Курсан Сатарович
- Байгуттиев Женишбек Сейтбекович
- Жеенбеков Равшан Бабырбекович
- Жапаров Садыр Нургожоевич
- Иманалиев Каныбек Капашович
- Исаев Канатбек Кедейканович
- Калмаматов Бактыбек Орозалиевич
- Касенов Аймен Абдыталипович
- Кочкоров Улукбек Тойчубаевич
- Мадумаров Адахан Кимсанбаевич
- Сегизбаев Абдил Кенешевич
- Сооронкулова Клара Сыргакбековна
- Тагаев Рашид Бакирович
- Ташов Имамидин Асамидинович
- Толбаев Бабыржан Латиханович
Референдумға екі сұрақ енгізілген. Қырғызстандықтар олар арқылы елді басқарудың екі жолының бірін таңдайды. Оның біріншісі президенттік басқару болса, екіншісі парламенттік басқару болмақ.