Минск ОМОН-ындағы ең танымал қыз қаза тапты
МИНСК. 10 қаңтар. Беларусь астанасындағы наразылық толқынын басуға қатысып жүрген әйелдер ОМОН-ы взводының ең танымал қызметкері Светлана Скараженок белгісіз жағдайда қаза тапты. Бұл туралы «Наша ніва» хабарлады.
Минск ОМОН-ының көпшілікке ең танымал қызметкері 29 жасында өмірмен қоштасты.
Светлана Скараженоктың мансап жолы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп жазылды.
Жауынгер қыздың өлімінің себебі толық белгілі емес. Бірақ БАҚ-тарда оны өзі секілді ОМОН сарбазы жігіті өлгенше ұрған деген де болжам айтылып жатыр,
Ішкі істер министрлігі мен Минск ОМОН-ы басшылығы марқұмның туған-туыстарына «На страже» газеті арқылы көңіл айтты.
Светлана Игоревна Скараженок (оның ғылыми жұмыстарында «Скаражонок» деп жазылған) Несвиж қаласында туған. Кеңес кезеңінде шекарашы болған әкесі Ауғанстан мен Түрікменстанда қызмет еткен. Анасы – мәдениет қызметкері. Светлана отбасындағы жалғыз бала еді.
Ол БГУ-дың философия және арнаулы ғылымдар факультетін бітірген. Одан кейін ішкі істер министрлігінің оқу орталығында арнайы дайындықтан өткен. Ал 2014 жылдан ОМОН құрамында қызмет ете бастаған.
Бұдан бұрынғы бір сұхбатында Светлана өзінің жігіті ОМОН-да бірге қызмет ететінін айтқан екен. «Біз Максим екеумізді қызметтен бөлек те көп нәрсе байланыстырып тұр, егер азаматтық қызметте жүрсем, онымен кездесуім екіталай еді. Екеуміз демалыс уақыттарымыз бір-бірімен сәйкес келіп жатса, парктерде велосеруен жасаймыз, киноға, театрға барамыз», – деген еді ол.
Ал Минск облысы милициясының өкілі оның өлімінде қылмыстың ізі бар не жоқ екені туралы сұраққа жауап бермеді.