Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат сайлауы басталды
АСТАНА. 10 қаңтар. Қазақстанда Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы басталды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Сайлауға барлығы бес партия қатысып жатыр. Олар сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдерге Қазақстанның халық партиясы, «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол» және «Адал» болып, осы ретімен енгізілген. Араларында бірде-бір оппозициялық партия жоқ.
Қазақстандағы өзін оппозицияға жатқызатын қоғамдық ұйым – Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия ғана ресми тіркеуден өткен. Бірақ ол өткен жылғы қараша айында сайлауға байкот жариялап, бұл жолы бәсекеге қатыспайтынын мәлімдеген болатын.
Сайлау бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 7-де басталды. Жалпы саны 10 мың болатын сайлау учаскелері кешкі сағат 20-ға дейін ашық болады.
Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша, 11,9 миллион сайлаушы тіркелген. Бірақ бүгін олардың қаншасы сайлауға қатысады, ол жағы белгісіз.
Елде бірінші рет мәслихат сайлауы партия тізімі бойынша өтіп жатыр.