17 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Грузиннің атақты актері Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды (видео)

15 Қаңтар 2023 16:52
- Жаңалықтар, Руханият
Грузиннің атақты актері Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТБИЛИСИ. 15 қаңтар. Грузиннің атақты өнер шебері, аты аңызға айналған киноактер, эстрада әншісі, сценарист, кинорежиссер, әндер авторы Вахтанг Кикабидзе 85-ке қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Sputnik-Грузия хабарлады.

Өзінің жұртына, қалың көрермендеріне «Буба» атымен танымал болған, халықтың сүйіктісі атанған өнер жұлдызы өткен жылы Батуми қаласында өзінің 84 жылдығын атап өтіп еді.

Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы 19 шілдеде Тбилиси қаласында туған. Жоғарғы сыныптарда оқып жүрген кезінен музыкамен айналысты, студенттік оркестр репетицияларына қатысты, дауылпазда ойнап, ән салды.

Кикабидзе 1959 жылы Тбилиси филармониясына әртіс болып қабылданды. Оның эстрададағы шығармашылық жолы 1960-1970 жылдары «Диэло» және «Орера» джаз ансамбльдерінде өнер көрсетуден басталды.

Вахтанг Кикабидзе кинодағы дебютінде 1966 жылы «Таудағы кездесу» деген фильмге түсті. Ол бұдан кейін, 1969 жылы түскен режиссер Георгий Данелияның «Күйінбе!» деген картинасы арқылы көрерменге кеңінен танылды. Осындағы жұмысы үшін актер 1970 жылы Картахенде (Испания) өткен Халықаралық кинофестивальде үздік ер кісі рөлі жүлдесін алды. Кейінірек әртісті үлкен жетістікке жеткізген Георгий Данелияның «Мимино» (1977) фильмі болды.

Кикабидзе 1986-1990 жылдары Грузияның «Рэро» мемлекеттік эстрадалық оркестрін басқарды. 1990-2000 жылдары кинодан гөрі концерттік бағдарламаларға көбірек көңіл бөлді. Ол – көптеген сыйлықтар мен марапаттардың егесі. Бұлардың арасында КСРО Мемлекеттік сыйлығы, Грузияның халық әртісі атағы, бірнеше ордендер мен медальдар бар.

Кезінде Бубаның кинода, концерт залдарында салған көптеген әндері тыңдармандардың сүйікті әуендеріне айналып кетті.

Вахтанг Кикабидзе – өзінің азаматтық позициясын да ешқашан түсірмеген азамат. Ол 90-шы жылдардың соңында Ресей Грузия жеріне басып кіргенде, басқыншы елді қатты айыптады. Содан бері бұл мемлекетпен байланысын үзді. Өткен жылы РФ армиясы Украина территориясын басып ала бастағанда да, бірден өз жерлерін қорғаушы украиндар жағына шықты. Айтулы азамат осыдан бір айдай уақыт бұрын бар жиған-терген ақшасын снарядтар сатып алулары үшін Украина Қарулы күштеріне жіберді. Осы арқылы да Вахтанг өте жоғары биік парасаттың, әділдіктің адамы екенін тағы бір мәрте айғақтап берді.

Жаның жәннаттың төрінде болсын, жақсы адам, аңызға айналған айтулы азамат!

«Мимино». Лучшие эпизоды. HD

Таңбалар: актерВахтанг Кикабидзегрузияқаза

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist