Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Трамп тағы да сайлаудағы фальсификация туралы жазды
ВАШИНГТОН. 15 қараша. АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да президент сайлауы кезінде бірнеше штатта фальсификация орын алғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Президент мұндай өтірік бюллетеньді іске қосушылық Мичиган, Пенсильвания және Джорджия штаттарында кең етек алғанын атап көрсетті.
«Сайлаушыларды ақымақ қылуға бағытталған қитұрқылардың өте кең тарағанын айғақтайтын куәлар толып жатыр. Олар бұлтартпас дәлелдер келтіріп отыр. Мичиганда біздің республикалық бақылаушылар мен жалпы бақылаушылар дауыс саналып жатқан бөлмеге жіберілмеген. Мичиган, Пенсильвания, Джорджия және басқаларында. Бұл – Конституцияға жат!», – деп жазды Трамп Twitter-дегі өзінің микроблогына.