25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Америкалық демократияның сиқы

9 Қараша 2020 14:06
- Көзқарас
Америкалық демократияның сиқы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Баяғыда, кеңес кезеңінде «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде «Азат дүниенің сиқы» деген айдар болушы еді. «Азат дүниесі» – капиталистік қоғам. Мақсаты коммунизм құруға негізделген біздің социалистік қоғамның антогонистерін, яғни қарама-қарсы жақтағы бәсекелестерінің қит еткен нәрселерін түйреуіштің ұшына іліп алып, сын садағын туралап ату болатын. Біздің бас басылым капиталистерді көбіне оны жоғарыдағы рубриканың аясында іреп жатушы еді.

Кейін Одақ ыдырап, республикалар жекелеген пәтерлерге бөлініп кетіп, ешқандай да коммунистік қоғамның болмайтынын өзіміз ашық айта бастаған кездері жаңағыдай «сиықтарға» миықтарымызбен күле қарайтын күйге жеттік. Сонда бізге «азат дүниенің сиқы» деген әшейін бір әрсіз әжуа секілді болып көрінетін.

Бірақ сол кекесіннің көлеңкесінде де келбет бар екеніне кейінгі кездері көзіміз жете бастағандай болып жүр. Бұған осы күндері АҚШ-та өтіп болған президент сайлауының қорытындысы да бір айғақ сияқты. Сайлау деген дүрбелеңнің қай елде де айтыс-тартыссыз, дау-дамайсыз өтпейтіні белгілі. Оның мысалы мың-мың. Бірақ өзін «әлемдегі ең демократиялы ел» санайтын Құрама Штаттардағы сайлау жүйесінің әрі өте күрделі, шым-шытырық, әрі қитұрқылы, илемелі екенін жаһан сарапшылары мен саясаттанушылары баяғыдан айтып келеді. Дегенмен, бұл тұжырымда шындық бар екеніне енді дендеп көзіміз жете түскен тәрізді.

Осы жерде Ресей президенті Владимир Путиннің бұдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тағы президент сайлауы туралы сөз болғанда, «біз Америка халқының кез келген таңдауымен келісеміз» дегенін сыпайылықтың ғана белгісі санап, қоя салып едік. Бұдан сайлауда кім президент болып сайланса да, біз сонымен сыйласып, жұмыс істейміз деген ишараны аңдадық. Алайда, сол сайлаудың ақыры қалай болып кетті? Сайлау өтуін өтті, бірақ АҚШ-та билік үшін талас әлі тоқтамай тұр. Бұдан бірер күн бұрын, шешуші Пенсильвания штатында жеңіске жеттік деген масайрау мәзіретімен үміткер Джо Байден бастаған демократтар жағы өздерін жеңдіге санап, тойды бастаған. Оларды бірнеше ықпалды бұқаралық ақпарат құралдары қолдап, тойдың отшашуына шырақ қоса түсті.

Бірақ бұл шынында солай ма еді? Біз қазір бұған айтарлықтай күмәндіміз. Олай дейтініміз, барлық штаттарда дерлік дауыс беру барынша өрескел жасырып-асырып жазу тәсілінің ұраны аясында өткен. Мәселен, пошта арқылы дауыс беріп, Джо Байденді қолдағандар қатарында «өлі жандар», яғни бүгінде өмірде жоқ кісілердің аты-жөндері толып жүр екен. Поштамен дауыс бергендердің басым бөлігі, тіпті түгелге жуығы, құданың құдыреті, әлдеқандай бір сиқырлы таяқшаның күшімен Байденге дауыс берген болып шықты. Олардың арасында өліктердің үлес салмағы да көп. Шамамен алғанның өзінде мұндайлардың қатары 2 миллион адамға жетіпті. Ал бұдан әрі қазбалай берсе, Гогольдің кейіпкерлерінің саны бұдан да артып кететін түрі бар. Бұлардың 1,8 миллионын Американың Judicial Watch компаниясы анықтаған. Осылайша, көптеген штаттарда дауыс бергендер саны сайлаушылардың санынан әлдеқайда асып түскен. Мәселен, Алабама штатындағы Лаундес округінде дауыс беру 130 пайызды құраса, Аляска штатында орта есеппен 111 пайыздан келген. Сол сияқты бұл көрсеткіштер Джорджия штатының Браян округінде – 118, Айова штатындағы Даллас округінде 115 пайыз болған. Ал мұндай деректер өте-мөте көп.

Тағы бір мәселе, сол сайлаудың алдында президент Дональд Трамптың алда тұрғаны айқын еді. Сұрау салулар соны көрсеткен. Тіпті негізгі дауыс беру жүріп жатқан 3 қараша күні оның Калифорния мен Нью-Йорктен басқа штаттардың бәрінде жеңіп тұрғаны белгілі-тін. Сол кезде Трамп: «Енді ол бізге қуып жете алмайды» деген-ді. Бірақ ақыры мынадай топалаң болып жатыр.

Сол кезде сайлаудағы алаяқтықтар жайлы тікелей эфирде сөйлеп тұрған Трамптың сөзін елдегі тоғыз жетекші телекомпанияның жетеуі сол бойда үзіп жіберіп, тоқтатып тастады. Мұның астарында не жатыр? Мұның бәрі Джо Байден бастаған топтың сол жеке компанияларды сатып алғанын байқатады.

Міне, Америка демократиясының сиқы осы. Бұдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тағы сайлауды Қытай билігі де, Беларусь президенті Лукашенко да сынға алып еді. Бұларға да күле қарадық. Жығылып жатып, сүрінгенге күлгендеріне күліп, бас шайқадық. Бірақ өздері жетіспей тұрса да, солардың айтқандарының да тұздығы бар екенін мойындауға тура келер еді.

Дегенмен, Дональд Трамп әшейіннен әшейін жеңіле салайын деп тұрған жоқ. Мына даудың соңы сотқа барып тірелетін сияқты. Сонда іс басындағы президенттің жеңіп шығуы да мүмкін. Не қайта сайлау өтіп қалуы ғажап емес. Әйткенмен, мынадай махинация мен алаяқтықтар қанша сайлау өтсе де қайталанатыны анық.

Енді әліптің артын бағайық. Бұдан әрі не болатынын әзір ешкім білмейді.

Мүмкін, Американың демократиясы да осы шығар.

Кім білсін…

Ержан УӘЙІС,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Таңбалар: Дональд Трампержан уәйіс

Ұқсас мақалалар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026
WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді
Әлеумет

WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді

28.07.2026
Трамп: АҚШ Украинаға Patriot үшін зымыран шығаруға рұқсат береді
Жаңалықтар

Трамп: АҚШ Украинаға Patriot үшін зымыран шығаруға рұқсат береді

08.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist