Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Бір әйел белгісіз жағдайда үш баласымен бірге қаза тапқан

ПАВЛОДАР. 9 қараша. Павлодарда бір әйел өз пәтерінде үш баласымен бірге қаза тапқан. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:00 кезінде полицияға бір ер кісіден Айманов көшесіндегі 2-үйдің бір пәтерінен төрт мәйіт табылғаны жөнінде дабыл түскен.

«Оқиға орнында болған тергеу-жедел тобы үйіне келген пәтер иесінің іштен ілгек ілініп қалуы себепті оны аша алмағанын анықтайды, – деп баяндады полиция департаментіндегілер. – Сосын ер кісі көршілерінен болгарка сұрап алып, онымен есікті бұзып кіреді. Пәтер бөлмелерінің бірінде ол жұбайы мен 2013, 2015 және 2017 жылы туған кішкентай балаларының зорлықпен өлтірілген белгісі бар мәйіттерінің үстінен түседі».

ПД баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес, жұбайлар бірге тұрып келген, олардың бір некеден туған үш баласы болған. Пәтер шашылып тасталмапты. Бәрі тап-тұйнақтай тұр. Ал полицияны үйдің еркегі шақырған.

Көршінің айтуынша, бұл оқиға жұрттың бәрін қатты шошытып жіберген.

«Бұл кісілер бұл жердікі емес, – деді көрші әйел. – Сырттан келген. Олардың үш баласы бар еді. Әйел жас, сүйкімді болатын. Балаларын үнемі қорғаштап жүретін. Ертіске апарып, серуендеп қайтатын. Балалары ылғи таза, жақсы киінетін. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біздің бәріміз қатты шошып қалдық».

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button