26 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сүйінші! Әзербайжан армиясы Шуша қаласын азат етті

8 Қараша 2020 22:24
- Жаңалықтар, Қоғам
Сүйінші! Әзербайжан армиясы Шуша қаласын азат етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАКЫ. 8 қараша. Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдары өзінің шешуші кезеңіне жақындап келеді, әзербайжан қарулы жасақтары Шуша қаласынан жауды қуып шықты. Бұл туралы «Вестник Кавказа» хабарлады.

«Әзербайжан армиясы Таулы Қарабақтың жүрегі – Шуша қаласын армян басқыншыларынан босатты», – деді бүгін Әзербайжан халқына үндеуінде Ильхам Әлиев.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның әйелі, бірінші вице-президент Мехрибан Әлиева осыған байланысты әкелері Гейдар Әлиевті еске алды. Әзербайжан гимні шырқалды.

Содан кейін елдің президенті мен бірінші ханымы Шаһидтер аллеясына барып, Отаны үшін өмірін қиған Әзербайжан ұлдарын еске түсірді.

«Мен  Шуша қаласы басқыншылықтан босатылғанын шексіз мақтаныш сезімімен мәлімдеймін! Шуша – біздікі! Қарабақ – біздікі! Осыған орай бүкіл Әзербайжан халқын шын жүректен құттықтаймын! Барлық шушалықтарды шын жүректен құттықтаймын!», – деді Әзербайжан президенті.

Мемлекет басшысы: «Әзербайжан халқына осындай тарихи күн туралы хабарлау менің өмірімдегі ең бақытты күндердің бірі шығар», – деді.

«28 жылдан астам уақыт бойы Шуша жау қолында болды. 8 қараша Әзербайжан тарихында мәңгі қалады. Бұл оқиға мәңгі бізбен өмір сүреді. Біз жеңіске келіссөздер үстелі үстінде емес, ұрыс даласында қол жеткіздік. Мен бұл қақтығыстың шешімі әскери жолмен жасалатынына сендім. Біз 30 жылға жуық уақыт еш мәні жоқ келіссөздер жүргізіп келдік, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді – біздің тарихи жерлеріміз жау қолында қалып қоя берді, ал Армения уақыттан ұтып, осы кездің бәрінде өзінің стасус-квосын мәңгілік етіп, нығайтып алуға күш салды. Осы жылдар ішінде біз әртүрлі күштер орталықтарынан түрлі ескертулер алдық – олар бізді жағдаймен келісуге мәжбүр етпек болды. Бірақ біз өзіміздің ерік-жігерімізді көрсетіп, әзербайжан халқының мүдделеріне қайшы келетін келісімдерге бармадық», – деді Әзербайжан президенті.

«Армения билігі Бакының шарттарын қабылдамаса, Әзербайжан Таулы Қарабақтағы әскери операцияларын жалғастыра береді, атап айтқанда, армян әскерін барлық басып алған аумағынан қуып шығады. Егер Армения билігі менің талабыма жауап бермесе, біз ақырына дейін барамыз. Олар барлық басып алған жерлерінен кетулері керек. 27 қыркүйектен бастап 200-ден астам елді мекен, соның ішінде Физули, Жәбірәйіл, Зангилан, Губадлы, Шуша қалалары армян оккупациясынан азат етілді. Ұрыс жалғасып жатыр, әлі де басқыншылар қол астында қалған елді мекендер бар. Әзербайжан армиясының жеңіс жолы жалғасуда. Біз армян армиясын, олардың әскери техникасын жойдық. Армения іс жүзінде өзінің жеңілгенін мойындап, сырттан әскери көмек сұрап отыр», – деді Әзербайжан лидері сосын.

«Бүгін мен ұлттың көшбасшысы Гейдар Әлиевтің қабіріне барып, оның рухына бас идім. Қатты тебіреніп тұрып: «Мен әкемнің өсиетін орындағаныма қуаныштымын. Біз Шушаны босаттық! Бұл – Ұлы Жеңіс!», – дедім. Бүгін біздің шаһидтеріміздің, ұлт көшбасшының рухтары тыныштанды. Әзербайжан жасасын. Жасасын әзербайжан әлемі!», – деді ол тағы.

«Қазір мен бүкіл әлемдегі әзербайжандардан және Әзербайжанда тұратын адамдардан күніне мыңдаған хат алып тұрамын. Күн сайын мыңдаған хат. Менің тек олардың бәрін оқып шыға алмайтыным өкінішті. Себебі, уақыт жетпейді. Қандай керемет сөздер жазады олар, қандай қолдаулар көрсетеді. Бүгін біз бүкіл әлемге өзіміздің ұлы халық екенімізді, намысқой халық екенімізді дәлелдейміз! Біз жеңімпаз халықпыз! Біз ұрыс алаңында жауға өз орындарын көрсететін боламыз!», – деді Ильхам Әлиев.

Таңбалар: ӘзербайжанТаулы ҚарабақШуша

Ұқсас мақалалар

АҚШ-тың Әзербайжанға мүдделілігі алда тек арта түседі
Көзқарас

АҚШ-тың Әзербайжанға мүдделілігі алда тек арта түседі

02.08.2026
Әзербайжан Ресейден Захарованың сөзі үшін жауап беруді атап етті
Жаңалықтар

Әзербайжан Ресейден Захарованың сөзі үшін жауап беруді атап етті

24.03.2026
Әзербайжан резервтегі жауынгерлерді дайындық сапына қойды
Әлеумет

Әзербайжан резервтегі жауынгерлерді дайындық сапына қойды

06.03.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist