Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Астрахань облысында 11 жасар қазақ баласы жоғалып кетті
АСТРАХАНЬ. 28 қазан. Облыстың Камызяк ауданындағы Лебяжье селосында 11 жасар қазақ баласы үшті-күйлі жоғалып кетті. Бұл туралы «Astrahan.ru» хабарлады.
Оқиға бұдан екі күн бұрын, 26 қазан күні орын алған. Үйден мектепке кеткен Шыңғысхан Қойшиев содан қайтып оралмаған.
Полиция әзірге оның дерегін тапқан жоқ.
Ерекше белгілері: арықша келген бала, түрі 11-12-де екенін білдіреді, бойы 150-160 см. Арқасында көк рюкзагы болған. Үстіне қысқа көк күртеше, бұтына джинсы шалбарын киген. Күртешенің ішінде сары футболка мен сырмақты күлгін свитер бар. Шаштары қара, қысқа.
Тәртіп сақшылары бала туралы деректерді бүкіл облысқа таратып жатыр.