Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жидебайда болды
СЕМЕЙ. 16 қазан. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы «Абай-Шәкәрім» кешеніне барып, тәу етті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының өзі қазір ғана өзінің Twitter-дегі парақшасына осы жайында жазып қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы Семей жеріне осы үшін арнайы барғанын жазады.
«Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешеніне барып, ұлы ақын және ойшыл Абайдың рухына тағзым еттім. Ақынның мұражай-үйін аралап көрдім. Бұл нысандар Қазақстанның киелі жерлерінің ішінде маңызды орын алады», – делінген президент жазбасында.