Әдебиеттен биылғы Нобель сыйлығын Луиза Глик алды
ОСЛО. 11 қазан. Әдебиеттен халықаралық Нобель сыйлығы биылғы жылы ақын Луиза Гликке берілді. Бұл туралы «Наука и жизнь» журналы хабарлады.
«АҚШ-та тұратын ақын әйелдің «жекенің дүниесін жалпыға ортақ нәрсеге айналдырып жіберетін дәлме-дәл поэтикалық үнін, қатқыл сұлулығын» Нобель комитеті сыйлыққа лайықты деп тапты», – делінген хабарламада.
Бұған дейін, 1993 жылы Луиза Глик Пулитцер сыйлығын, 2001 жылы Боллинген сыйлығын алса, 2003 жылы АҚШ-тың лауреат ақыны атанды, ал 2015 жылы Америка өнері мен әдебиеті академиясының алтын медаліне қол жеткізді.
Луиза Глик 1943 жылы Нью-Йоркте туған. Сара Лоуренс колледжі мен Колумбия университетінде оқыған, бірақ диплом алмаған. Сол кездері өзі колледждерде табысты сабақ беріп жүрген. 2004 жылдан Йель университетінде жұмыс жасайды. Ол Америка философия қоғамының мүшесі болып табылады, адъюнт-профессор деген атағы бар.
Глик ақын ретінде 1968 жылы «Бірінші туған» деген жинағын шығарған. Көп ұзамай ол Америкадағы ең көрнекті ақындардың бірі аталды. Осы кезге дейін оның 12 өлеңдер жинағы баспа жүзін көрді. Бұдан бөлек, поэзия туралы эсселер жинағы да бар.