Ресейлік еден жуушы Нобель сыйлығына ұсынылды
МӘСКЕУ. 26 қыркүйек. Жақында ғана Рескейдің Кострома облысында айды аспанға бір-ақ шығарып, селолық елді мекенде әкім болып сайланып кеткен еден жуушы енді Нобель сыйлығына ұсынылып жатыр. Бұл туралы «Московский комсомолец» газеті хабарлады.
Өзінің әкімдік жаңа қызметіне 1 қазаннан кіріскелі отырған төрт жылдық еңбек өтілі бар еден жуушы Марина Удгодскаяны «Московский комсомолец» газеті осы әйгілі сыйлыққа үміткер етіп ұсынған екен. Басылым хабарлағандай, редакция осы арқылы беделді сыйлықты алу өтінішін беру тетігін тексеріп көрмекші болыпты.
Журналистер соңғы кездері БАҚ-тарда әлемнің Нобель сыйлығына «бейбітшілік» мәселесі бойынша ұсынылған жаңа кандидаттар жөнінде ақпарлар бастақырыптарының баспасөз беттерінде көбейіп кеткенін атап өтеді. Солардың арасынан Владимир Путиннің, Алексей Навальныйдың аттары аталып қалып жатыр. Редакция бұл процедураның қаншалықты қиын екенін өз тәжірибелері арқылы тексеріп көруге тәуекел еткен көрінеді.
Эксперимент авторы өтінімді Нобель комитетінің сайтына арнайы форма арқылы береді. Оның сөзіне қарағанда, кандидатты жұрттың бәрі ұсына алады. Бірақ оны жөнелтуші белгілі бір талаптарға жауап бере алатындай адам болуы, мысалы, әлдеқандай бір ұлттық ассамблеялардың мүшесі немес мемлекет басшысы, әйтпесе Гаагадағы халықаралық соттың мүшесі болуға тиіс.
Мұндай мүмкіндіктерді университеттер профессоралары, университет ректорлары. әлем проблемасын зерттеу және сыртқы саясат институттарының директорлары пайдалана алады.
Форма бір адамға бір номинация бойынша бес кандидатқа дейін ұсынуға рұқсат береді. Бірақ олар Нобельдің бейбітшілік жөніндегі бір сыйлығының әрі кеткенде, үш адамның арасында ғана бөлініске түсетінін ұмытпауы керек. Кандидатураны негіздеу ағылшын тілінде 200-ден екі мың белгіге (знак) дейінгі көлемде жазылады. «Московский комсомолец» газетінің қызметкері бұл графаға былай деп жазыпты: «Марина Угдодская, жас келіншек, Ресейде еңбек адамының мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға құқы бар екенін және басқаруы тиіс екенін бүкіл әлемге танытып, жергілікті сайлауда жеңіске жетті». Процедура аяқталғаннан кейін жүйе журналиске номинацияға кандидат ұсынып отырғаны үшін алғыс айтты.
Бұрын айтылғандай, Марина Удгодская бес жылға жуық уақыт Кострома облысы Чухлом ауданындағы Повалиха селолық елді мекеніндегі қалалық әкімшілікте еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал жақында әкімшілік басшысы Николай Локтевтің өтінішімен әкім сайлауында оның өзіне баламалы кандидат ретінде дауысқа түскен. Нәтижесінде ауылдастар Угдодскаяға – 84, ал Локтевке 46 дауыс берген. Сөйтіп, Марина күтпеген жерден әкім болып шыға келген. Ресей Орталық сайлау комиссиясының райысы Элла Памфилова осыған байланысты берген түсініктемесінде Угдодскаяның шынында «техникалық кандидат» болғанын, бірақ сайлау кезінде ешқандай қитұрқылықтың орын алғаны байқалмағанын айтты.