Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Суарес «Атлетикомен» екі жылдық шартқа отырды

МАДРИД. 26 қыркүйек. Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес Мадридтің «Атлетико» командасымен екі жылдық шартқа қол қойды. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

Клуб баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, футболшы өзінің бұл келісімшартына риза.

Луис Суарес 2014 жылы ағылшынның «Ливерпулінен» испанның «Барселона» клубына ауысып келген еді. Ал жақында каталониялық командаға нидерланд маманы Рональд Куман бас жаттықтырушы болып келгеннен кейін ол өз жасағы сапынан уругвайлық форвардты көргісі келмейтінін ашып айтқан.

Луис Суарес мұны түсіністікпен қабылдады. Оған сол кезде бірнеше жерден ұсыныс түсті. Солардың арасынан ол «Атлетиконы» таңдады

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button