Нью-Йоркте өзбек тілінде оқытатын мектеп ашылды
НЬЮ-ЙОРК. 25 қыркүйек. Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында «Ziyo Art» деп аталатын өзбек мектебі ашылып, бала оқыта бастады. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Мектепті ашуға байланысты ресми шараны 19 қыркүйек күні Өзбекстанның Нью-Йоркте орналасқан бас консульдігі жергілікті «Mahalla USA» өзбек диаспорасымен бірге ұйымдастырды.
Бас консульдіктің ақпарына қарағанда, мектеп 16 Avenue О, Brooklyn NY 11204 мәнзіліне қоныс тепкен. Ол «Өзбек тілі мен әдебиеті», «Этика», «Бейнелеу өнері», «Шахмат» және «Математика» секілді пәндер бойынша сабақ береді.
Сабақтар сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Оларды конкурстық жолмен іріктеліп алынған өзбек тілінің мұғалімдері жүргізеді. Ал оқу материалдарының бәрі Өзбекстаннан алдырылған.
Бас консульдік жаңа өзбек мектебінің кітапхана қорына Өзбекстан үкіметі атынан бірқатар кітатар мен көркем әдебиет туындыларын тапсырды.