Жүзімнің денсаулыққа зиянды жақтары ашылды
МӘСКЕУ. 24 қыркүйек. Ресейде тұратын ауыл шаруашылығының маманы – агроном Владимир Викулов жүзімнің адам ағзасына зиянды жақтарын анықтады. Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Агрономның айтуынша, асханалық жүзімнің бәрінде сахардың мөлшері өте көп болады, олар негізінен ағзаға тез сіңіріліп кететін глюкоза және фруктоза түрінде кездеседі.
«Сіз, мысалы, жүзімнің бір бұтағын жедіңіз дейік, ол бір кило тартуы мүмкін, ал сіз одан 150 грамм фруктоза аласыз, бұл – ағзаға елеулі соққы», – деп түсіндіреді мұны сарапшы.
Викуловтың тұжырымынша, бұған қоса, жүзімдіктер өсімдіктердің зиянкестерінен арылту үшін ұдайы алуан түрлі химикаттармен өңделіп жатады. Көпшілік жерлерде олар мыс, күкірт, фунгицид секілді міндетті түрде жүзімге қонатын дәрі-дәрмектермен өңделеді. Осыған байланысты агроном мәуені үзіп алғаннан кейін міндетті түрде мұқият жууға кеңес береді.
2019 жылы қазан айында ғалымдар жүзімнің пайдалы қасиеттері туралы әңгімелеген еді. Олар жүзім сүйегінде А, Е және К дәрумендері, сондай-ақ табиғи май бар екенін атап өтті. Бұл заттардың бәрі жасушаларды нығайтып, ағзаны жасартуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, мәуеде өсімдік ресвератолы экстрогендері тобының заты болады. Ол қандағы холестериннің деңгейі мен қан тамырларындағы қабыну процесін түсіреді. Жүзім сондай-ақ барлық органдарды жақсартуға оң әсер береді.