Путин мен Лукашенко Шнобель сыйлығына ие болды
МӘСКЕУ. 18 қыркүйек. Пандемиямен күрестегі «толағай табыстары» үшін Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Шнобель сыйлығының лауреаттары атанды. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.
Сыйлықтың «Медициналық білім беру» номинациясы бойынша бұлардан басқа тағы АҚШ президенті Дональд Трамп, Түркия президенті Тайип Реджеп Ердоған, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Үндістан президенті Рам Натх Ковинд, Бразилия президенті Жаир Болсонару, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор осындай «марапатқа» қол жеткізді.
Шнобель сыйлығы (Ig Nobel Prize) – әйгілі Нобель сыйлығына қарама-қарсы, оның пародиясы есебіндегі халықаралық сыйлық. Ол жылда қазан айында арнайы тапсырылып тұрады. Тартудың тапсырылу сәті Improbable порталында трансляция жасалады. Биыл ол өзінің 30-шы жылғы номинанттарын анықтап отыр.
Осы жолы «Медициналық білім беру» аталымы бойынша 9 қайраткер «лауреат» атанды.
Александр Лукашенко бұл сыйлықты осымен екінші мәрте алғалы тұр. Ол бірінші рет мұндай «құрметке» 2013 жылы ие болып еді. Сол жолы оған сыйлық «жұрт алдында қол шапалақтауға тыйым салғаны» үшін берілген болатын. Дәлірегі «полицияға қол шапалақтап тұрған жалғыз қолды адамды тұтқындауға бұйрық бергеніне» байланысты әлем қауымдастығының ерекше назарына түсті.