Америка суретшісі Лениннің мәйітін сатып алғысы келеді
ВАШИНГТОН. 16 қыркүйек. Нью-Йорк суретшісі Дэвид Датуна Вашингтонда Ленин мавзолейінің көшірмесін жасап, пролетариат көсемінің мәйітін сатып алғысы келетінін айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Ол бұл арт-нысанды жасау мағынасын «АҚШ-тың қоғамдық қозғалысында социал-демократиялық жаңғыруларға қарай айтарлықтай өзгерістер жасалып жатқанымен» түсіндіреді.
Хабарламада «бүкіл өмірлерін кредиттер төлеумен өткізіп, медицина қызметіне қолдары жете қоймайтын америкалықтардың қазір агрессивті капитализмнен әбден шаршағаны» айтылады.
«Ленин мен оның мавзолейі сол өзгерістердің барынша айшықты нышаны болып табылады, бұған деген сұраныс АҚШ-та 2020 жылы айрықша жоғары, президент сайлауы қарсаңында ол жиі талқылануда», – деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Суретші мавзолейдің көшірмесін жасап қана қоймайды, сонымен бірге бастапқы жарнасын бір миллион етіп төлеп қойып, соңынан осы мақсаттардың барлығы үшін жиынтығы миллиард доллардан артық ақша жұмсап, Лениннің денесін сатып алғысы келеді.
«Ресей – баяғыдан бері өз императоры бар империя. Ал Америка коммунизм мен социалистік идеялар жағына қарай бағыт алып келеді. Бүгінде мавзолей мен Ленин түріндегі атрибуттар Ресейден гөрі АҚШ-қа көбірек керек. Екінші мавзолейді салып шығу қиын емес, ал Лениннің орнын ештеңемен алмастыра алмайсың. Сондықтан мен оны сатып алуды ұсынамын және бұл үшін кез келген сомадағы ақшаны жинап беруге дайынмын», – дейді, баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Датуна.
Дэвид Датуна – америкалық белгілі суретші, өнер туындыларының коллекционері. Ол Ресей президентінің құны 400 мың еуро тұратын «Бәрін көруші В» деп аталатын портретін салғаннан кейін әлемдік деңгейде таныла түсті.
Суретте: Дэвид Датунаның «Бәрін көруші В» картинасы.