Шолпанда тіршіліктің нышаны бар болып шықты
ВАШИНГТОН. 16 қыркүйек. Халықаралық зерттеушілер тобы Шолпан (Венера) планетасында тіршіліктің белгісі бар деген ұйғарымға келді. Бұл туралы Astrobilogy.com журналы хабарлады.
Оқымыстылар мұндай шешімге Шолпан планетасындағы атмосфера құрамынан биоссигнатурлы газ болып есептелетін фосфин табылғаннан кейін келген. Себебі, мұндай газ жүрген жерде өмірдің болатынын да рас.
Әзірге ақпар ресми емес мәнбелерге сілтеме жасалу арқылы тарап жатыр. Бірақ интернетке осыған қатысты видеолар тарап үлгерген. Бұларды зерттеуге қатысқан Массачусет технологиялық институтының ғалымдары ұсынғанға ұқсайды.
Фосфин немесе фторлы сутегі – Жерде анаэробтық экожүйеден өңделіп шығатын түссіз улы газ. Сондықтан 2019 жылы ол экзопланеталардан тіршілік нышандарын іздеуге керекті биомарер ретінде ұсынылған.