Мальмеде Құран өртелгеннен кейін тәртіпсіздік орын алды
МАЛЬМЕ. 30 тамыз. Шведтің Мальме қаласында жұма күні кешке жаппай тәртіпсіздік басталып кетті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Тәртіпсіздік сол күні жергілікті белсенді ұлтшыл топ Құранды арнайы өртегеннен кейін басталды. Осыдан кейін бұған ашынған 300 адам Мальменің «Русенгорд» ауданының басты көшелері – Амиралсгатан мен Шелегатанның бойына шығып, көлік қозғалысын толық тоқтатты.
Наразылар тобы өздерін басуға полицейлер келгенде, оларға қарай тас атқылады.
Бұдан бірнеше күн бұрын көшедегі суретші Дан Парк деген бұған дейін ұлт аралық жікшілдікті тудырғаны үшін сотталған арандатушы қала билігінен Русенгордтағы ислам орталығы алдында «Скандинавияның исламдануының зардаптары» тақырыбында манифестация өткізуге рұқсат сұраған еді.
Акцияны өткізу мұсылмандардың жұма намазы кезінде өткізу жоспарластырылды. Ал бұған даттың «Қатқыл бағыт» атты оңшыл экстремистік партиясының лидері Расмус Палудан шақырылды. Сол жерде Құранды өртеу көзделді.
Сәрсенбі күні полиция акцияны өткізуге жол бермеу жөнінде тапсырма алды. Оған азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі себеп болды. Жұма күні әкімшілік сот тәртіп сақшыларының ұйғарымын мақұлдап, акцияны өткізуге болмайтынын мәлімдеді. Ал Швецияға келе жатқан Расмус Палудан шекарада ұсталды. Оған бұл елге келуге екі жылдық тыйым салынды.
Алайда, Құранды өртеушілердің акциясы бәрібір өткізілді. Ол Русенгордтың Эмильсторп деген өндірістік ауданында өтті.