Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Минск: Жоғалған музей директоры өлідей табылды

МИНСК. 19 тамыз. Кеше Волковыск әскери-тарихи музейінің 29 жастағы директоры Константин Шишмаковтың өлі денесі табылды. Бұл туралы Naviny.bu хабарлады.

Содан 3 күн бұрын, тамыздың 15-інде Багратион атындағы Волковыск әскери-тарихи музейінің директоры Константин Шишмаков жоғалып кеткен болатын. Сайлау комиссиясының мүшесі болған оның жалған хаттамаларға қол қоюдан бас тартқаны сол бойда анықталды.

Константин кешкі сағат 17:00-де телефонмен әйеліне хабарласып: «Мен мұнда бұдан артық жұмыс істей алмаймын, үйге қатып келе жатырмын», деген екен. Содан жоқ болып кеткен. Одан кейін оны ешкім көрмеген.

Беларусь ұлттық көркем музейінің қызметкерлері 18 тамыз күні оны қолдау акциясын ұйымдастырды. Олар сондай-ақ осы күндері наразылық қозғалысына қатысып жатқандарға қолдау білдірді. Сол күні директордың өзі денесі орман ішінен табылды.

Ал президент Александр Лукашенко бейбіт шеруге шыққандарды ұрып-соғып, аяусыз басып-жаншыған жүзден астам милиция қызметкеріне 17 тамыз күні медаль тапсырды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button