Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Хабаровскіде бүгін шеру сериясы қайта жалғасты (видео)

ХАБАРОВСК. 3 тамыз. Ресейдің Шығыстағы Хабаровск қаласында бүгін тағы митингі мен шеру болып өтті. Бұл туралы саясаткер Алексей Навальныйдың жергілікті штабы хабарлады.

«Хабаровск тұрғындары тұтқынға алынған экс-губернатор Сергей Фургалды қолдауға арналған қарсылық акциясына шықты», – делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл облыс орталығында қатарынан 22 күн бойы осындай шеру болып келген еді. Тек кеше ғана, қарсылық қозғалысының 23-ші күні, 11 шілдеден бері бірінші рет мұнда бір күндік үзіліс орын алды. Онда да 100-ге тарта қалалық үйреншікті орындарына келіп тұрды. Ал митингінің шарықтау шегіне жеткен күндері мұнда 100 мыңға дейін халық жиналды.

Шеру 11 шілдеден бері күн құрғатпай өтіп келді. Шерушілер демалыс күндері көшеге екі мезгіл шығып тұрды. Акция облыс губернаторы Сергей Фургал қамауға алынғаннан кейін басталды. Оған 2000-ші жылдардың басында кәсіпкерлерді тапсырыспен өлтіруді ұйымдастырушы қылмыстық топқа қатысы болған деген күдік таңылды. Басында облыстың бұрынғы басшысы қалада ұсталды, кейін халықтың наразылығы күшейе түскен кезде Мәскеуге әкетіліп, Лефортово түрмесіне отырғызылды.

Халық оны өздерімен тең сөйлесетін болғандықтан, облыстың экономикасын жақсарту жолында көп еңбек сіңіргендіктен қорғауға шықты.

Сонымен, бүгін осы митингілер сериясы басталғалы бері 24-ші күн өтіп жатыр.

Жергілікті шерушілер көшеде келе жатып бірнеше рет: «Мы идем по лужам, Путин нам не нужен», – деп айқайлады.

Әлеуметтік желіде хабарлануынша, бүгін митингіге 70 мың адам қатысыпты.

«Левада-центрдің» ақпарынша, Хабаровскідегі жағдайдан хабарлары бар ресейліктердің 45 пайызы олардың әрекеттерін қолдайды. Респонденттердің 26 пайызы бұған бейтарап қарайды, ал 17 пайызы бұл қозғалысты қолдамайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button