Беларусьте қарсылық қозғалысы жүріп жатыр
МИНСК. 20 маусым. Бүкіл Беларусь елінде үш күннен бері қарсылық пикеттері болып жатыр. Бұл туралы «Настоящее время» хабарлады.
Стихиялы қарсылық қозғалысы 18 маусымда басталып кетті. Жұрт алдымен президенттікке ықтимал үміткер Виктор Баабрико үшін қол қоймақ болып, ынтымақтастық пикеттерін ұйымдастырды. Жұма күні кешке 18:00 сағатта кенет олардың алдарынан ОМОН сарбаздары мен автозактар шығып, шерушілерді тиеп әкетуге көшті.
Ұсталғандар арасында журналистер де аз емес. Мәселен, Минскіде «Азаттық» радиосының тілшісі Александр Дынько мен Андрей Рябчик, «Белсат» телеарнасының журналисі Ирина Араховская мен оның операторы, TUT.BY сайтының фотографы Вадим Замировский мен Onliner тілшісі Анастасия Занько қамалды. Могилевте TUT.BY журналисі Анжелика Василевская мен 6-ТВ аймақтық телеарнасының тілшісі Александр Соболевский, Бобруйскіде bobr.by порталының тілшісі Алеся Латинская мен оның күйеуі, құқық қорғаушы Сергей Латинский ұсталды.
Мұның алдында Минскіде президент орынтағына ықимал үміткер Виктор Бабарико мен оның ұлы Эдуард қамауға алынған болатын. Оған заңға қайшы әрекеттерді ұйымдастырды деген айып тағылып жатыр.
Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтеді.