Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент карантин режимі сақталмауына алаңдап отыр

АСТАНА. 17 маусым. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың карантин режимін сақтамай жүргеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы өзінің алаңдаушылығын Twitter-дегі парақшасына жазып қалдырды.

«Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды», – делінген онда.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button