Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ апаттан аман қалды

ТАРАЗ. 16 маусым. Бұдан 4 күн бұрын, 12 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданына жұмыс сапарымен келген  Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбев мінген тікұшақтан ақау шығып, апатты жағдайда қонды. Бұл туралы «Айқын» газеті хабарлады.

Дерек «Қазавиапас» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінен таратылған.

«Тікұшақ Жамбыл облысындағы Қордайда тәртіпсіздік болған аумақты айналып жүргенде есептегіш гидравликалық жүйе істен шыққан. Бортта Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Оларда бәрі жақсы. Барлығы дін-аман екінші бортқа отырғызылды. Енді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, яғни Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ақауды анықтау үшін комиссия құрады. Комиссия тікұшақтың бұзылу себептерін анықтайды», – деді «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Анар Хамитова.

Осылайша Премьер-министр Мамин мен облыс әкімі Сапарбаевты Құдай сақтап қалған. Аталған жайт бойынша қазір арнайы тексеріс жұмыстары басталды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button