ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Індет: Тәулік ішінде Қазақстанда 4 адам қайтыс болды

АСТАНА. 16 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус сырқатынан 4 адам көз жұмып, олардың жалпы саны 81 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Тәулікте бақилыққа аттанған 4 марқұмның 2-і Алматы қаласында, бір-бірден Павлодар және Ақтөбе облыстарында тіркелді.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар былайша бөлініп отыр:

Астана қаласы – 15, Павлодар облысы – 13, Алматы қаласы – 12, Шымкент қаласы – 11, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.

Кеше түнде сағат 23:59-да есепке алынған есеп бойынша 383 коронавирус жұқтыру дерегі анықталды. Сонымен, оның жалпы саны 15 192-ге жетті.

Тәулік ішінде 104 оқиға тіркеген Астана «ерледі». Әдеттегідей Қарағанды облысы әлі «аттан түспей» тұр. Алматы мен Шымкент те баяғы қарқынды қалпында. Бұларға осы жолы Павлодар облысы да «қосыла шапты».

Сонымен, өткен тәуліктегі 383 дерек аймақтар әлеуетінде былай бөлінді:

Астана қаласы – 104, Қарағанды облысы – 50, Алматы қаласы – 34, Павлодар облысы – 34, Шымкент қаласы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 24, Маңғыстау облысы – 18, Атырау облысы – 14, Қостанай облысы – 13, Алматы облысы – 12, Ақтөбе облысы – 10, Түркістан облысы – 10, Ақмола облысы – 10, Жамбыл облысы – 9, Қызылорда облысы – 7, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Шығыс Қазақстан облысы – 3.

Өткен тәулікте бірде-бір облыс вирус жұқтырудан «аман» кете алған жоқ.

Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:  

  1. Алматы қаласы – 3147
  2. Астана қаласы – 2864
  3. Қарағанды облысы – 1572
  4. Атырау облысы – 1324
  5. Шымкент қаласы – 1158
  6. Батыс Қазақстан облысы – 991
  7. Ақтөбе облысы – 538
  8. Алматы облысы – 527
  9. Қызылорда облысы – 507
  10. Жамбыл облысы – 500
  11. Түркістан облысы – 464
  12. Маңғыстау облысы – 397
  13. Павлодар облысы – 383
  14. Шығыс Қазақстан облысы – 265
  15. Қостанай облысы – 233
  16. Ақмола облысы – 205
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 117.

Осы кезге дейін 9 388 адам жазылып шықты. Олардың аймақтар бойынша мәліметі мынадай:

  1. Алматы қаласы – 2075
  2. Астана қаласы – 2001
  3. Атырау облысы – 985
  4. Қарағанды облысы – 665
  5. Батыс Қазақстан облысы – 566
  6. Шымкент қаласы – 489
  7. Қызылорда облысы – 442
  8. Алматы облысы – 357
  9. Жамбыл облысы – 317
  10. Түркістан облысы – 275
  11. Ақтөбе облысы – 272
  12. Маңғыстау облысы – 251
  13. Павлодар облысы – 188
  14. Қостанай облысы – 184
  15. Ақмола облысы – 158
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 113
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 50.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button