Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Тәжіктер көшеде тұмылдырық киюді қоя бастады
ДУШАНБЕ. 5 маусым. Тәжікстан астанасының тұрғындары көшеде тұмылдырық киіп жүруді ұмыта бастады. Бұл туралы Asia-Plus хабарлады.
Республикада коронавирус тарауының деңгейі төмендегені туралы ресми мәліметтер айтылғалы бері жұрт босаңсып, көшеде бетперде киіп жүруден жаңыла бастады. Олар серуенге емін-еркін шығады, адамдармен ара-қашықтық ұстамайды.
Соңғы тәуліктерде соның салдарынан инфекция дүмпуі қайта бас көтеріп келеді.