Рустам Эмомали барыстар шығынын толтырып берді
ДУШАНБЕ. 6 ақпан. Тәжікстан астанасының мэрі Рустам Эмомали Таулы-Бадахшан автономиялы облысы аумағындағы елді мекендерге қар барыстары жасаған залалдардың бәрінің орындарын толтырып берді. Бұл туралы Asia-Plus порталы хабарлады.
«Осы қыста Таулы-Бадахшан автономиялы облысында қар барыстары 132 үй жануарын жойып жіберді» деп жазды агенттік тілшісі.
Бұдан кейін Душанбе қаласы әкімінің қолдауымен Таулы-Бадахшан автономиялы облысының басшысы Ёдгор Файзов бастаған жұмыс тобы Рошкала, Ишкашим, Бартан жазығы аудандарын аралап, зардап шеккендерге Рустам Эмомалидің ақшалай сыйлығын тапсырған.
ТБАО басшысының баспасөз қызметі сонымен бірге бұл Рустам Эмомалидің аймақтың биік таулы аудандары тұрғындарына көрсетіп отырған бірінші көмегі емес екенін айтады.
Астана мэрінің тапсырмасы бойынша, Тәжікстан аңшылар ассоциациясы жыл бойы Мургаб ауданын жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. Өткен жылы Душанбе қаласы әкімінің қолдауымен 200-ден астам жасөспірім Варзоб ауданындағы жазғы тынығу лагерінде демалыпты. Бұдан бөлек, 2019 жылы автономиялы облыс орталығы – Хорог қаласындағы қар жамылғысының биіктігі бір жарым метрге жеткен кезде Рустам Эмомали мұнда қар тазалаушы қымбет техниканың екі бірлігін сыйға тартыпты.
Тәжікстан Футбол федерациясының райысы Рустам Эмомалидің көмегі арқасында 2018-2019 жылдар бедерінде Хорогта қазіргі заманғы спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілген.
Бірақ Душенбе қаласы мэрінің баспасөз қызметі Рустам Эмомалидің ТБАО тұрғындарының қар барыстары келтірген залалдарын кімнің есебіндегі қаржылар арқылы жапқанын ашып айтып отырған жоқ.