Президенттің соғыс жағдайындағы өкілеттігі ұлғаяды
АСТАНА. 5 маусым. Кеше Сенат Мемлекет басшысының соғыс жағдайындағы өкілеттігін кеңейту жөнінде заң жобасын қабылдады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Парламент Сенатының пленарлық отырысы бірінші оқылымда «Әскери жағдай мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.
Сенат соғыс жағдайы мен оған бейбіт кезде дайындалу әрекетімен байланысты мәселелерде Президенттің өкілеттігін кеңейтетін жаң жобасын мақұлдады.
Құжат Еңбек кодексі мен алты заңға өзгерістер енгізді. Олардың қатарында соғыс жағдайы туралы, қорғаныс және ҚР Қарулы күштері туралы, мемлекеттік құпия, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы, білім туралы, әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы заңдар бар.
Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектановтың айтуынша, бұл түзетулер күзетілетін тұлғалар мен қорғалатын нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады.
«Бұл жаңа міндеттер Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін енгізілуде», – деді ол.
Сонымен қатар, Президентке бейбіт уақытта әскери режим шараларын белгілейтін қосымша өкілеттіктер беру жоспарлануда.
Заң жобасының салыстырмалы кестесінде атап өтілгендей, әскери режим туралы заң «Қазақстан Президенті бейбіт уақытта әскери іс-қимыл шараларын қолдану тәртібін анықтайды, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Жоғарғы Бас қолбасшылығы туралы ережені, облыстардың, республика қалаларының қорғаныс кеңестері туралы ережені, әскери режим кезеңіндегі Қазақстан Үкіметінің, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы қызметін ұйымдастыру туралы ереже бекітеді» деген баппен толықтырылады.
Заң жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттің қорғанысқа және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық жүйесін жетілдіру, республиканың әскери жағдай саласындағы заңнамалық актілерін әскери қатерлер және әскери қақтығыстар сипатының өзгеруіне сәйкес келтіру.
Сондай-ақ, құжатта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (меншік формасына қарамастан) соғыс жағдайындағы мобилизация кезеңінде қорғалуға жататын нысандарды дайындау жөніндегі өкілеттігі бекітіледі