Имам Хомейнидің тұлғалық және басшылық сипаттары
Имам Хомейни деген атпен танылған Иран Ислам революциясының жетекшісі әрі оның негізін қалаушы Сейіт Рухолла Мусави 1989 жылы 3 маусымда 87 жасында дүниеден өтті. Ол – адамзат тарихындағы өзінің ерекше ойлары және шынайы күш-жігерімен тарих бағытын өзгерткен, Иран мен әлемдегі үлкен өзгерістердің қайнарына айналған ерекше әрі теңдессіз тұлғалардың бірі.
Иә, 3 маусым – осы ұлы тұлғаның қайтыс болған күні. Осыған орай оның кейбір тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Ғылыми жан-жақтылығы
Имам Хомейни діни пәлсапашы, тақуа, сондай-ақ, Ирандағы Ислам Республикасының негізін қалаушысы болған. Ол өзінің қабілеті мен құдайдың шексіз рақымының арқасында көптеген ислам ілімдері мен ғылымдарын меңгеріп, ерекше тәжірибе мен толық шеберлікке ие болды.
Имам Хомейнидің білімі мен зерттеулеріне қатысты екі ерекше қасиетіне көп мән беріледі.Олардың бірі – ол меңгерген ғылымдардың әртүрлілігі; ол діни дәрістерді оқумен бірге мистикалық, теологиялық, саяси, әдеби, астрономиялық, ежелгі және жаңа астраномия туралы туындыларды зерттеді және батыс философиясының негіздерімен танысты, ислам философиясы тақырыптарын толық меңгерді.
Ол оқу мен зерттеуде көп талпынды, мысалы, имамның қызы әкесі туралы: «Оның зерттеу жұмыстары өте көп еді, бөлмесіне кірген кезімде кітаптің ішіне кіріп кеткенін көретін едім», дейді.
Мистикалық сипаты
Имам Хомейниді ерекше және теңдессіз жетекші еткен нәрсе – оның тұлғалық, саяси-қоғамдық және мистикалық сипаттарының жиынтығы. Ол білімді қадір тұтты, ал білім тақуалықпен астасып жатпаса, оның теріс мақсаттарға қызмет ету құралы ретінде пайдаланылатынына сенді.
Моральдық және мінез-құлықтық сипаты
Имам Хомейнидің мистикалық сипаттары, рухани және ғылыми жетілуі оның жеке және әлеуметтік өміріне қатты әсер етті. Имамның жеке өміріндегі ең қызықты ерекшелігі – оның айналасындағы адамдармен бірдей қарым-қатынас жасауы. Ол құдайдың пенделерін кемсітуді және олардың іс-әрекеттерін менсінбеуді таңқаларлық көрініс және адам баласының құлдырауының себебі деп санады және өзі адамдармен, тіпті кішкентай балалармен қарым-қатынас жасағанда, олардың адамдық қадыр-қасиетін құрметтеген. Имам Хомейни ешқашан ешкімнен бір нәрсе күтпеген және өз істерін басқаларға тапсырудан аулақ болған. Сабақ барысында ол шәкірттерінің алдында тізе бүгіп, сыпайы отырған, бәрінен бұрын амандасатын, әйелі дастарқан басына отырмастан бұрын, ешқашан тамаққа қол тигізбеген.
Басқалардың құқықтарын сақтау имамның барлық іс-әрекеттерінен байқалатын. Ол үйінің аспазына наубайханада міндетті түрде кезек алып тұруын және оны танып өз кезегін берген адамдардың кезегін алмай, өз кезегін күтуін талап ететін. Ол өзінің келуіне байланысты Джамаранда үйлерін босатып берген барлық тұрғындардың разылығын алуға тырысқан. Түнде балаларына қарау үшін түнгі уақытын әйелімен бөлісетін. Түнгі намазға тұрғанда бөлмедегі шырақтарды қосып, басқаларды мазаламау үшін шам қолданған.
Қарапайым өмір
Имам Хомейнидің тағы бір маңызды сипаты оның қарапайым өмірі болды. «Егер дұшпандарыңыздың алдында қорқынышсыз тұрып, құқығыңызды қорғағыңыз келсе, өзіңізді қарапайым өмірге үйретіңіз және жүрегіңізді дүние мен атаққа тәуелді етуден аулақ болыңыз… себебі ақсүйектік және тұтынушылық өмір адамзат құндылықтарын сақтай алмайды». Қоғамның әртүрлі топтары арасында тартымдылықты қалыптастыруда имамның өмірінің қарапайымдылығы мен қанағаттылығы маңызды рөл атқарды. Имам Хомейни әрқашан Иран шенеуніктерінің назарын «қарапайым өмір» мәдениетіне аударған.
Имам Хомейни тәртіпті сақтау және істерін ретімен орындауда тиянақты болған, тіпті жақындары оның жасаған әр ісі арқылы уақытты біліп отыратын. Ол секундтарды да дұрыс пайдалануды қадағалағаны белгілі. Имамның жақындары оның әр жұмысын қай уақытта жасайтынын білетін еді және сол арқылы сағат неше екенін біліп отыратын.
Басқару және жетекшілік
Жоспарлау тақырыбы имам үшін өте маңызды еді және өз мақсаттарын және мұраттарын жүзеге асыру кезінде де қолында нақты жоспары болатын.
Бірақ жауапкершілік жүктеу кезінде ол алдымен кызметкерлер мен мүмкіншіліктерді анықтап, олардың күші мен қабілетіне қарай жұмыс тапсыратын. Имам қызметкерлерді таңдауда және оларға өкілеттіктер беруде нақты критерийлерді қолданатын. Ол айналасындағыларға қатаң қадағалау жүргізді. Егер олар қазынаны жұмсауда мөлшерінен сәл асып кетсе, олардан жауап алатын. Имам оларға өзіне қолдау көрсету үшін жала жабушыларға қарсы жала жабу және олар туралы ғайбат айтуға рұқсат бермеген.
Оның жасындағы мен физикалық жағдайындағыдай адамның ел басшыларының жұмысын қадағалауы таң қаларлық іс еді. Ол әрдайым ағымдағы жағдайдан хабардар болып отыратын. Тіпті басқалар оған соңғы жаңалықтарды жеткізуге асығып келгенде, Имамның оны біліп отырғанын түсінетін.
Парасаттылық
Имам өзін халық қызметкері деп есептейтін және халқының назары мен көз-қарасына сыйластықпен қарайтын. Ол халықты билік нығметінің қақоршысы деп біліп, елге қызмет пен үлкен мақсаттарға жету жолындағы әрекет етуді мемлекеттің міндеттері деп санайтын және былай дейтін: «мәселе – мемлекеттің елді басқаруы емес, мемлекеттің елге қызмет ету мәселесі, дәл осы басқару сізді елден және елді сізден айырады және көптеген сыбайлас жемқорлықтың көзіне айналады».
Имам елін қатты жақсы көретін, оның жақындарының бірі айтады: «Имамның елге деген ықыласы жай ықылас емес, махаббат… Шындығында, Имам елі үшін күйіп-жанады және мейірімді әке секілді өзінің пәк перзенттеріне бақыт тілейді. Имам теледидардың жанында отырып, онда көрсетілетін жүректі қақ айырарлық кедейлік пен қайыршылық сахналарын көріп көп жылаған еді».
Жетекшілік
Имам өзінің көшбасшылық кезеңінде әр түрлі ішкі және сыртқы мәселелер мен оқиғаларды нақты танып-біліп, бастаманы өз қолына алып, барлығын таңғалдырды.
Элвин Тоффлер «Құдірет қозғалысы» атты кітабында: «Имамның ең алғаш рет батысты бар болмысымен көзге ілмегені және бізбен бөлек-бөлек отырып пікір таластырудың орнына, жалпы түрде біздің барлығымызды елемегені оның үлкен істерінің бірі еді» деп мойындады.
Басқа да батыс ойшылдарының бірі былай дейді: «Имам өзінің басшылық жүйесін батыс мәдениеті мүлдем жоқтай етіп ұйымдастырды». 70-ші жылдардағы Америка Президентінің кеңесшісі Генри Киссинджер: «Аятолла Хомейни батысты жоспарлаудың қатаң дағдарысына әкеліп соқтырды, оның шешімдерінің аяқ асты болғаны соншалық, саясаттанушылар мен саяси теоретиктердің ойлау мен жоспарлау мүмкіндігін алып қоятын. Ешбір адам оның шешімдерін алдын ала болжай алмайтын. Ол дүниеде танылған критерийлерден өзге критерийлерді пайдалана отырып сөз сөйлейтін, іс-әрекет жасайтын, шабытты басқа жерден алатындай көрінетін» деп мойындаған.
«Лондон Таймс» журналы да Имам туралы сипаттамасында былай деп жазады: «Имам Хомейни көпшілікті өз сөзімен баурап алған ер болды. Елге тән қалыпты тілде сөз сөйлейтін, кедей және еш нәрсесі жоқ жақтаушыларына өз-өзіне деген сенімділік ұялататын. Бұл сезім оларды әрбір істе мықты болуға үйретті».
Әли КЕБРИАЙЗАДЕ,
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі