18 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Қарулы күштері Қырымға ATACMS зымырандарымен соққы берді

4 Мамыр 2024 11:43
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина Қарулы күштері Қырымға ATACMS зымырандарымен соққы берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 4 мамыр. Украина Қарулы Күштері 4 мамырға қараған түні Қырымға ATACMS  зымырандарымен жойқын шабуыл жасады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің хабарламасында Украина Қарулы күштерінің өткен түнде Қырымды АҚШ-тан жақында жеткізілген ATACMS ракеталарымен атқылағандары баяндалады. Ведомствоның мәліметінше, РФ әуе қорғанысы күштері түбектің аумағынан осы типтегі 4 зымыранды атып түсірген. Бірақ олардың дәл қай жерде атып түсірілгені айтылмайды. Шабуылдан зардап шеккендер хақында да бір ауыз сөз жоқ. Соған қарағанда, бұлар тағы да жауырды жаба тоқып отырған сияқты. Ал Украина тарапы әзірге бұл жөнінде мәлімдеме жасамады.

24 сәуірде Америка Құрама Штаттары Украинаға ұзақ қашықтықтағы ATACMS зымырандарын жасырын жеткізгені белгілі болды. Bloomberg Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып жазғандай, ракеталар АҚШ президенті Джо Байден 12 наурызда мақұлдап, қол қойған Украинаға 300 миллион доллар көлеміндегі әскери көмек пакетіне енгізілген. Алайда Киевке берілген ATACMS зымырандарының нақты саны айтылмады.

The New York Times газеті бірнеше күннен кейін Пентагонның жоғары лауазымды өкілдеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ-тың Украинаға Қырымдағы әскери нысандарды ATACMS зымырандарымен атқылауға рұқсат бергенін жазды. Сондай-ақ, бұл ракеталарды Украинаның оккупацияланған аймақтарындағы Ресей армиясына соққы беру үшін пайдалануына рұқсат етілді.

Таңбалар: ATACMSқырымУкраинашабуыл

Ұқсас мақалалар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist