Z-арналар РФ армиясы командирлерінің атып тасталғаны жайлы баяндады
МӘСКЕУ. 5 мамыр. Украинаның оккупацияланған территориясының тұрғыны Ресейдің жоғары лауазымды 6 офицерін атып тастап, қашып кетті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сенбі, 4 мамыр күні Украинаның басып алынған территориясында бір әскери қызметкер РФ қарулы күштері 10-шы танк полкының командироерін атып тастайды. Атқан жауынгер оккупанттар армиясына күштеп алынған жергілікті украин жігіті болып шықты.
Кейінірек орыс басқыншыларын жер жастандырған 50-дегі украин азаматы Юрий Галушко екенін белгілі болды. Ол кеше РФ қарулы күштері 10-шы танк полкының 6 командирін біртіндеп атып өлтіріп, әскери бөлімнен білгісіз жаққа кетіп қалыпты.
Осыдан кейін оккупанттар «Перехват» операциясын іске қосады, бірақ ол ешқандай нәтиже бермейді.
Ресейдің Z-арналары ер кісінің әскер қатарына 2024 жылғы ақпан айының соңында алынғанын айтып отыр. Демек, оның мұнда қызмет еткеніне бір айдай ғана уақыт болған. Ахуалға қарағанда, украин азаматы осы күнді көптен бері жоспарлап келген сияқты.
Z-арналар атқыштың оккупацияланған аудандарда тұратын жергілікті кісі екенін бірден баяндады.
«Ол РФ келгеннен кейін бірден контрактіге қол қойып, РФ армиясы қатарына кіреді. Сосын өз командирімен бірге алты қаруласын атып өлтіреді. Бәрінің соңынан оларды бастары мен жүректерінен тағы атып, оқиға орнына қашып кетеді», – деп баяндады пропагандистер. Мұны басқа ресурс та растады. «Қысқаша айтқанда, бұл тип «азат етілген» территорияда тұратын жергілікті болып шықты. Оны біздің жағымызда соғысушылар аз болғаннан кейін қатарға тартыпты… Взвод басқармасындағы артиллерияға жібереді. Түнде өзінің радиотелефоншы қызметіне кіріседі. Жұмыс жасап отырады. Өзіне қолайлы сәт келгенде, орнынан тұрып, ұйықтап жатқан жігіттерге оқ жаудырады… Қатарымызға жыланды кіргізіп алған екенбіз», – деп жазды тағы бір Z-арна.
Басында инцидент РФ қарулы күштерінің Херсон бағытында соғысып жатқан 70-ші дивизиясында орын алғаны айтылды. Кейін Донбастағы 10-шы полкта болғаны анықталды.