G7 елдері РФ активтерінен 50 миллиард долларды Украинаға бергелі жатыр
БРЮССЕЛЬ. 5 мамыр. «Үлкен жетілік» елдері Ресейдің бұғауланған активтері есебінен Украинаға 50 миллиард доллар көлемінде көмек беруді қарастырып жатыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Америка Құрама Штаттары G7 елдерінің қалғандарын Ресейдің бұғатталған активтерінен 50 млрд доллар көлеміндегі ақшаны Украинаға әскери көмек ретінде келіссөз жүргізуде. Ақ үйдегілер маусым айында Италияда өтетін G7 саммитінде осы келісімге қол қойғысы келеді. Тақырып бойынша қиян-кескі пікірталастар орын алуы да, оның бірнеше айға созылып кетуі де мүмкін. Бірақ Уашингтон мәселенің оңынан шешіге болатынына бек сенімді. Бұл ретте АҚШ Еуропа Одағы ақылға келіп, Ресейдің «қатырылып қойылған» активтерін пайдалану жөніндегі идеяны қолдайды деп үміттеніп отыр.
АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен агенттікке Украинаға $50 млрд қаржы бөлу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. «Біз мұны талқылап жатырмыз. <…> Ең дұрысы, біз бұған G7 елдерінің барлығы қатысқанын қалаймыз, АҚШ мұны жалғыз өзі жасамайды», – деді ол.
Батыс елдері екі жылдан астам уақыт бойы Ресейдің бұғатталған резервтерімен қалай күресуге болатындығы туралы дауласып келеді. Ал Еуропа Одағы бұл қаржыларды тәркілеуге қарсы. Енді АҚШ еуропалық әріптестерін өзінің жағына қарай бұруға күш салып жатыр.