Жұртқа оқ атқызған полицей қызметінен қуылды
ПАВЛОДАР. 15 мамыр. Павлодар облысында адамдарға қарсы оқ атуға бұйырған полицей қызметінен қуылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Полиция қызметкерлері бір топ ер адамды ұстауға келген кезде түсірілген видео қоғамның наразылығын туғызды. Сол қақтығыстың соңы бірнеше рет қарудан оқ атуға апарып соқтырған.
Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қалқаман» ауылы маңындағы жылжымалы блок-бекетке ауыл тұрғындары келіп, шикізат – «микросфераны» құжатсыз алып өтуге болатын-болмайтынын сұраған. Бұған рұқсат етілмейтіні жөнінде жауап алған келушілер 13 мамырда «Береке» ауылыанн бұған наразы 30-ға жуық тұрғында ерте келеді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар «полиция қызметкерлерін ұрып, мүліктеріне зиян келтіреміз» деп қорқытқан. Содан кейін бұл арадан кетулерін талап еткен. Бұған жауап ретінде полиция қару қолданып, ескерту оғын атқан.
Желі қолданушыларды жай киімдегі полиция қызметкерінің әрекеті ашындырған. Бұл шиеленісті одан сайын ушықтыра түсіп, өзін агрессивті ұстап, тіпті «оқ атуға» бірнеше рет бұйрық берген.
Енді адамдарға оқ атуға бұйрық берген қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 1-бөлігі, яғни «Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаып, өзі қызметінен аластатылған.