Помпео: COVID-19-дың Уханнан шыққаны шындық
ВАШИНГТОН. 4 мамыр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео жексенбі күні COVID-19-дың Қытайдағы Ухань қаласының зертханасынан әлемге тарай бастағаны еш күмән туғызбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Interfax.ru хабарлады.
Мемлекеттік хатшы ABC News телеарнасына берген сұхбатында мұны дәлелдейтін куәлардың жеткілікті екенін айтты.
«Вирустың Уханьдағы зертханадан шыққанын айғақтайтыын куәлар айтарлықтай көп», – деді ол.
«Біз әу басынан вирустың Уханьда пайда болғанын айтқанбыз, – дегенді қосты сосын мемлекеттік хатшы. – Мұны енді бүкіл әлем көре алады».
Қытайдың аталмыш зертхананы сырттан келіп тексеруге көнбей отырғанын да содан. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) бұл мәселені бірнеше рет көтерді, бірақ Қытай билігі тарапынан тек қарсылыққа ғана кезікті.
Ол көптеген сарапшылардың вирустың табиғи емес, зертханада жасанды жолмен жасалғанына сенімді болып отырғанына тоқталды. COVID-19-дің жасанды екенін ДНК анализі де көрсетіп беріп отыр.
Помпео «Вирус зертханадан әдейі таратылып жіберілді ме, әлде сонда болған оқиға салдарынан сыртқа шығып кетті ме» деген мазмұндағы сұраққа жауап қайтарған жоқ.
«Біз бұл сұраққа нақты жауап алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз сонда сарапшылар тобын жіберуге әрекет етеміз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да сонда сарапшылар жіберуге әрекет жасап жатыр, сондағы тағы басқа да зертханаларды тексергіміз келеді, бірақ Қытай компартиясы оған мүмкіндік бермеуді жалғастырып отыр», – дегенді қос ол.