Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Назарбаевтың үндеуі «жалған» деген ақпар шықты
АСТАНА. 2 мамыр. Бүгін әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан тарап жатқан мәлімдеме жалған көрінеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық қызметінен кетуі» туралы видео – жалған», – делінген хабарламада.
Қауіпсіздік кеңесінің баспаөз хатшысы Айдос Үкібай мұны Twitter-де атап көрсетті.
«Елбасы мәлімдемесі» деген атауда тарап жатқан видеоның жалған екенін хабарлаймыз. Қаскөй жауапкершілікке тартылатын болады. Жіберілген мұндай жалған ақпараттарға күдікпен қарап, ресми ақпарат көздерінен оның анық-қанығын тексеріп алуға кеңес береміз», – деп жазды ол.