Айдос Сарым: Билікке тура келетін төте жол жоқ
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым телеграмм-каналда Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылуына орай өз ойын білдіріп, түсіндірме жасады.
«Қазір, әрине, нақтылы ақпарат өте-мөте аз; ал мұндай шешім қабылдануына қатысы бар адамдар әзірге үндемей отыр. Мен жаңа спикердің кандидатурасы туралы шешім қабылданатын алдағы жұмыс аптасының басында Тоқаевтың кімді депутат етіп, сенаторлардың кімді елдегі екінші орынтаққа ұсынғанынан кейін жағдай біршама түсінікті болып қалатын шығар деп ойлаймын. Сол кезде бүгінгі жаңа комбинацияның жаңа конфигурациялары мен мақсаты туралы сөз қозғауға болады.
Дегенмен, бірер ауыз тұжырымды қазір де жасай аламыз.
Бірінші. Бүгінде билік, билік элитасы бірлік пен консолидацияға қардар. Оның алдында елді үш қатарлы дағдарыстан. ТЖ режимінен және карантиннен алып шығу міндеті тұр. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны талдап жасау, экономикаға түбірлі өзгеріс енгізу, реформаның аса күрделі құрылымын түзу секілді төтенше жұмыстарды атқаруға тура келеді. Осының бәрі биліктің толық қуатын Қазақстанның екінші президентінің қолына топтастыруды талап етеді. Бұл жерде элитаның бөлініп кету ықтималдылығы туралы, – әсіресе, билікке алда мәжіліс пен мәслихаттарға депутат сайлау сияқты өте күрделі шараны өткізу міндеті тұрған кезде, – ешқандай ишара жоқ.
Екінші. Еліміздің кез келген азаматы сияқты Дариға Назарбаева да өзінің саяси амбициясын көрсетіп, билікке үміткер бола алады. Бірақ ол мұны еліміз бен әлемдегі барлық саясаткерлер секілді жалпы тәртіппен тек электорат от жалыны мен диірмені арқылы өтіп келіп қана жасай алады. Билікке тура апаратын патшалық, қошеметке бөленген, қысқа жол жоқ. Сондықтан әлдекімдерде осындай қызғылт армандар туындап жатқан болса, олардың екпіндерін басып, көп жылдық бейімделуге кіріскендері жөн. Осымен бір мезгілде бір жылдан бері әртүрлі алып-сатарлық пен жымысқылықтар туындатып, Дариға Назарбаеваны бүгін мен ертең жоғары лауазымға апарып қойып жүрген айдап салушылар мен білгіштердің де тыныштануларына тура келеді. Бәріміз көріп отырғандай мұның бәрі болып жатқан жоқ.
Билік өзінің біртұтас екенін, барлық мәселені, тіпті ең бір шетін міндеттердің өзін шешуде топтасқан екенін әлі де көрсетеді».
Мәнбе: телеграм-канал @aidossarym.