Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп ковидке қатысты брифингті «былшылбай» деді

ВАШИНГТОН. 26 сәуір. АҚШ президенті Дональд Трамп коронавируспен күрестің барысы жөнінде күн сайын өтіп тұратын брифингтерді «уақытты босқа жоғалту» деп атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Құрама Штаттар лидері өзінің мұндай ойын Twitter-ге жазды. Оның айтуынша, аталмыш брифингтерде БАҚ өкілдері тек дұшпандық ниеттегі сұрақтарды қойып отырып, соңынан шындық пен фактілерді тура айтудан жалтарып кетеді.

«Олар осы үшін рекордтық рейтингтерге жетіп жатады, ал америкалықтар жалған жаңалықтардан басқа ештеңе алмайды. Демек, бұған бола уақыт пен ұмтылыс жұмсап қажеті жоқ. Бұл оған тұрмайды. Сандалбай тірлік», – деп жазды Трамп.

Бұған дейін АҚШ президенті коронавирусқа қатысты ахуалды жарыққа шығарғандарды сынға алып еді. Оның ойынша, Америка БАҚ-тары жалған ақпараттарды жариялап тұруға құштар. Мұны Трамп Ақ үйде өткен брифингі барысында мәлімдеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button