Карантинге наразы Берлин тұрғындары көшеге шықты
БЕРЛИН. 26 сәуір. Кеше, сенбі күні Германиядағы Берлин қаласының бірнеше жүздеген тұрғыны биліктің коронавирус індетіне қарсы күрес үшін енгізген шектеу шараларына наразылық білдіріп, көшеге шықты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Алдын ала алынған рұқсат бойынша акция Роза Люксембург атындағы алаңда өтуі тиіс еді. Алайда, полиция оған баратын жолдарды нақтылы ниеттермен күні бұрын жауып тастады. Соған қарамастан, алаңға өтіп кеткендер табылды. Нәтижесінде митинг басталған кезде алаңның өзінде (жергілікті уақыт бойынша 15.30 сағат) 100-ден астам акцияға қатысушы жиналды, қалған жұрт жақын маңдағы жапсарлас көшелерде бас қосты.
Наразылық білдірушілердің басты талабы «адамдардың конституциялық құқықтарын қалпына келтіруге» арналды. Олар шектеу шаралары өздерінің азаматтық және экономикалық құқықтарын бұзып отыр деп есептейді. Плакаттардың арасында «Азаматтық құқықты бұзуды жедел алып тастаңдар!», «Көздеріңді ашыңдар! Констицияны не істеді?», «2020 – 1933?», «Аурушаңдықтың төмендеуі өзін-өзі оқшаулауға байланысты деп ойлағандар осы себеппен көшеде ауа райы жақсы деп ойлайды» деген ұрандар мен мәлімдемелер болды.
Наразылық шеруіне бірқатар тұрғындар йога-маттармен келіп, медитация жасап отырды.
Шеру бейбіт тарқады.