Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

5 жасар фанат сүйікті футболшысын беруді өтінді

ЛОНДОН. 19 сәуір. Ағылшынның «Лидс» командасының бес жасар жанкүйері Дэниел Отен «Брайтон» клубының президентіне хат жазып, сүйікті футболшысы, қорғаушы Бен Уайтты өз командасына беруді сұрады. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

Фанат бала осы үшін өзінің жинап жүрген ақшаларын түгел беретінін айтты.

«Қымбатты Пол («Брайтонның» президенті), менің жасым бесте, мен «Лидстің» жанкүйерімін. Мен сізге біздің клубта жалдық негізде ойнап жүрген бір футболшыңыз туралы әңгімелеу үшін осы хатты жазып отырмын. Ол – менің сүйікті футболшым, оның аты-жөні – Бен Уайт. Егер мүмкін болса, біз оны маусымның соңында сатып ала аламыз ба? Мен өзімнің жинап жүрген ақшаларымды санап көрдім, егер көмектесе алса, менде 15,07 фунт бар», – деп жазды бала.

Бұған «Брайтон» жауап жазды. «Өзіңнің сүйікті клубыңның футболшыны сатып алуына көмектеспек болған хатың үшін рахмет, – делінген онда. – «Лидске» көмектесу үшін өзіңнің ақшаңды ұсынуың да керемет. Сен жас ойыншылардың бағасын жақсы біледі екенсің. Бәлкім, келешекте скаутинг боларсың? Сенің ұсынысыңды біз байыппен қабылдадық. Бірақ біздің жаттықтырушымыз бен техникалық директор Бенді өте қажетті футболшы санайды. Олай болса, бұл жазда Бенді «Лидске» сата алмайтын шығармыз деп қорқамын. Бірақ хатың үшін рахмет, саған, сенің отбасыңа және «Лидс» қызметкерлеріне бар жақсылықты тілейміз. Жақын аралықта футбол ойнайтын шығармыз деген үміттеміз».

Қазір «Брайтон» АПЛ-да 15-орында келеді, ал «Лидс» Чемпионшипада көш бастап тұр.

22 жастағы Уайттың трансферлік құны 5,5 миллион еуро тұрады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button