Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Вице-министр: елде вирустың қауіпті кезеңі басталды

АСТАНА. 18 сәуір. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева елімізде коронавирус сырқатының ең қауіпті кезеңі – шарықтау шегі енді басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.kz хабарлады.

«Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, бізде аурудың шарықтау шегі басталды. Сырқаттану көрсеткіші қазір әрбір 100 мың адамға шаққанда, 7 адамнан келеді. Осыған байланысты, карантиннен бөлек, енді жекелеген адамдарға, әсіресе, елді мекендерде тұратын және ауру жұқтыру қаупі жоғары адамдарға толыққанды скринингтік тексеру басталады», – деді Ақтаева.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button