Жеті жасар қыз ауру әсерінен «тасқа айналып» барады
НЬЮ-ДЕЛИ. 18 сәуір. Үндістанның Чхаттисгарх штатындағы бір елді мекенде тұратын 7 жасар қыз сирек кездесетін аурудың салдарынан «тасқа айналып» бара жатыр. Бұл туралы Daily Mail газеті жазды.
Жеті жастағы Раджешвари есімді қыз эпидермологиялық ихтиоз атты өте-мөте сирек кездесетін, жазылмайтын кеселге ұшыраған екен. Осының салдарынан кішкентай бала кәдімгідей «тас мүсінге» айналып келеді.
Басылым атап өткендей, қазірдің өзінде қыздың қолдарын, аяқтарын, арқасының көп бөлігін және қарнын науқастың әсерінен қышындыратын қатты қабыршақ қабығы басып қалған. Баланың өмірі қаптаған азаппен өтіп келе жатыр. Ол үшін отырып-тұрудың және жүрудің өзі азап.
Ауруды жазу мүмкін болмағанымен, оның симптомдарын ептеп жеңілдетуге болады екен. Алайда, бұл үшін қыз бен оның ата-анасына алыс жолға шығып, қалалық ауруханаға жатуға тура келеді. Бұған олардың жағдайлары келмейді.