Коронавирус: індеттен елдің үш астанасы алда келеді
АСТАНА. 18 сәуір. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырып алған аймақтар арасында әлі де республиканың бұрын-соңды астанасы болған үш өңір – Қызылорда облысының, Алматы және Астана қалаларының тұрғындары оқ бойы алда келе жатыр. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бүгін елорда уақыты бойынша 10:05 сағатта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1591-ге барғаны белгілі болды.
Кешегі таңертеңнен бүгінгі таңертеңге дейінгі бір тәулік ішінде елде тағы 121 оқиға тіркелді. Бұдан бір күн алдын бұл цифр 139 болып еді.
Енді бәрін ретімен баяндайық.
Кеше 12:25 сағатта – 10, 18:25 сағатта – 18, 22:50 сағатта – 48, ал бүгінгі 09:30 сағатта 45 коронавирус инфекциясы оқиғасы тіркелді.
Бірінші есепте (10) Астана қаласынан – 5, Ақтөбе облысынан – 4, Қарағанды облысынан – 1, екінші есепте (18) Астана қаласынан – 8, Алматы облысынан – 8, Батыс Қазақстан облысынан – 2, үшінші есепте (48) Алматы қаласынан – 34, Астана қаласынан – 5, Ақтөбе облысынан – 5, Жамбыл облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, ал бүгін азандағы төртінші есепте (45) Батыс Қазақстан облысынан – 16, Шымкент қаласынан – 11, Ақтөбе облысынан – 10, Алматы қаласынан – 9, Павлодар облысынан – 5, Астана қаласынан – 4, Атырау облысынан – 4, Алматы облысынан – 4, Жамбыл облысынан – 4, Қарағанды облысынан – 2, Түркістан облысынан 1 дерек шықты.
Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 121 оқиға мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 43, Астана қаласы – 22, Батыс Қазақстан облысы – 19, Ақтөбе облысы – 19, Алматы облысы – 12, Шымкент қаласы – 11, Павлодар облысы – 5, Жамбыл облысы – 5, Атырау облысы – 4, Қарағанды облысы – 2, Түркістан облысы – 2, Қостанай облысы – 2.
Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 504, Астана қаласы – 350, Қызылорда облысы – 143, Қарағанды облысы – 89, Ақмола облысы – 81, Атырау облысы – 76, Жамбыл облысы – 58, Түркістан облысы – 57, Шымкент қаласы – 57, Батыс Қазақстан облысы – 39, Алматы облысы – 37, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Ақтөбе облысы – 25, Павлодар облысы – 17, Маңғыстау облысы – 12, Қостанай облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 8.
Осы кезге дейін республика бойынша 347 адам жазылып шықты. Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 167, Алматы қаласынан – 79, Қызылорда облысы – 17, Атырау облысынан – 16, Ақмола облысы – 16, Шымкент қаласы – 11, Алматы облысы – 8, Солтүстік Қазақстан облысынан – 8, Түркістан облысы – 7, Жамбыл облысынан – 6, Қарағанды облысы – 5, Ақтөбе облысынан – 3, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Павлодар облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.
Қайтыс болғандар саны – 17. Бұлар Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Алматы қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысы (1), Павлодар облысы (1), Шығыс Қазақстан облысы (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.
Ескертпе. Бұдан былай біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертеңгі жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұратын боламыз.