Кімдерге 42 500 теңгелік әлеуметтік көмек берілмейді?
АСТАНА. 17 сәуір. Мемлекеттік комиссия шұғыл штабы кімдердің 42 500 теңгелік әлеуметтік көмекті ала алмайтынын анықтады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Штаб мұны төлем тағайындау туралы ережеге енгізілген өзгерістерде атап көрсетті.
Енді жаңа ережеге сәйкес, әлеуметтік төлемді мына адамдар ала алмайды:
– ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);
– Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);
– АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар;
– екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;
– ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;
– басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.
***
Ескертпелер: ТЖ – Төтенше жағдай, ЖК – Жеке кәсіпкер, БЖТ – Бірыңғай жиынтық төлем, АҚС – Азаматтық-құқықтық сипат.