Шахматтан әлем чемпионы 16-дағы баладан ұтылып қалды
ТЕГЕРАН. 16 сәуір. Шахматтан әлем чемпионы, норвег Магнус Карлсен «Banter Blitz Cup» онлайн-турнирінің финалында ирандық 16 жасар бозбаладан ұтылып қалды. Бұл туралы «Ислам.Ру» сайты хабарлады.
Ирандық 16 жастағы мұсылман жасөспірім Алиреза Фируджа турнирге бейтарап тудың астында қатысып, әлемнің ересектер арасындағы чемпионы Магнус Карлсенді 8,5:7,5 есебімен жеңіп кеткен. Ол – әлемнің рапид бойынша күміс жүлдегері. Норвег шахматшысымен финалда кездескенге дейін шамамен соның деңгейіндегі бәсекелестерін тізе бүктірген. Қарсыластарының бірқатарының рейтингіден бұдан жоғары болған.
«Алирезаға риза болуымыз керек – ол керемет күшті», – деп мәлімдеді жеңілісінен кейін Карлсен.
Фируджа турнирде чемпион атағын жеңіп алумен бірге $ 14 көлемінде сыйлыққа қол жеткізген.