Украина АҚШ-тың Қырым жөніндегі ұсынысына қарсы шықты

ЛОНДОН. 23 сәуір. Украина АҚШ-тың бейбіт бітімге келу үшін Қырымды Ресейге беру жөніндегі ұсынысынан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина АҚШ-тың «капитуляция арқылы бейбітшілікке жету» сценариіне үзілді-кесілді қарсы шықты.
Киев өзінің келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, алайда еш уақытта капитуляция жасауға, жеңілгенін мойындауға көнбейді. Экономика министрі Юлия Свириденко атап өткендей, украин халқы шиеленісті аяқтамай, белгісіз уақытқа дейін қатырып тастауға, бұған қоса, Қырымның оккупацияланып алынып қойылғанына келіспейді.
Украина Қырымды беруден бас тартты
Лондондағы келіссөз кезінде украин делегациясы Қырымды Ресейдікі деп мойындау қазір де, болашақта да мүмкін емес екенін мәлімдеді. Мұның жайын Свириденко өте қатқыл түрде жеткізді. «Украина берілуге емес, келіссөз жүргізуге дайын» деді ол.
Делегация басшысы Ресейдің аздап тынығып, қайта жинақталып келіп, зорлық-зомбылықтың жаңа түріне қайта кірісуіне мүмкіндік беретін келісімнің көк тиынға қажеті жоқ екенін айтты. Украина мұндағы бірінші және міндетті қадам ретіне жерде де, көкте де, теңізде де – барлық жердегі майдан шептерінде атыстың толық тоқтатылуын талап етеді. Ал егер Мәскеу тек «тактикалық үзіліс» алуды таңдайтын болса, Украина да оған солай жауап береді.
Министр сондай-ақ егер Украинаға НАТО-ға мүше болу ұсынылмаса, әріптестерінен қауіпсіздіктің міндетті және нақты – «сырттан болатын агрессияға төтеп беріп, ұзақ мерзімге созылатын бейбітшілікті қамтамасыз ете алатын барынша күшті» кепілдіктері болуына қол жеткізуге тырысады.
Лондон кездесуінің мәнісі болмады: АҚШ нариза болып отыр
The Washington Post газетінің жазуынша, АҚШ әкімшілігі Киевтің алға қарай жылжу үшін Киевтің территориялық шегініске шешімді түрде бармағанынан нариза болғандарын ашып айтты. Уашингтон соның ішінде Украинаның алдымен Қырымды беру жайын емес, атысты тоқтату мәселесін талқылауды ұсынғанына өкпелеп қалыпты.
Украин тарапының бас тартуына орай сенатор Рубио Лондонға баруды кейінге келдырыпты. Оның артынша Ұлыбритания мен Францияның сыртқы істер министрлері Дэвид Лэмми мен Стефано Барро да кездесуге барудан бас тартты. Енді келіссөз АҚШ президентінің кеңесшісі Келлогпен техникалық деңгейде жалғасады. Украина тарапынан делегация мүшелері – Ермак, Умеров және Сибига кездесуге қатысады. Бұл келіссөздің формалды түрде өтетінін көрсетеді.
Осы аралықта Мәскеу Еуропадан санкцияларды алып тастауды талап етіп жатыр. Кремль бұған қоса, Американың Киевке демилитаризация тұрғысында қысым жасамай отырғанына ренішті. РФ сондай-ақ Украинаға Батыс әскерлерін әкеп орналастыруға қарсы.
Украина мен Еуропа 12 наурызда Жиддада өткен кездесуде тараптардың алдымен атысты тоқтатулары керек екенін, тек содан кейін ғана территория тұтастығы жайында мәселе талқылауға болатынына келіскен еді. Дипломаттардың пікірінше, АҚШ қазір өзінің келісімінен бас тартып, Мәскеуді иілуге мәжбүр етудің орнына Киевке қысым жасап отыр.
Украина тарапы мәселе АҚШ-тың «толқымалы» позициясында ғана емес дейді. Бастысы – Уашингтон өзінің адал брокер деген статусын жоғалтып алып жатыр, ол енді келісім тұрғысынан да, моральдық принцип тұрғысынан да бізге кепіл бола алмайды. Қазір Ақ үй келіссөздердің жүрмей жатуының барлық айыбын Украинаға артып қойып, өзі бұл процестен шығып кетуге дайындалып отырғанға ұқсайды. Ондай жағдайда Киев толық Еуропаның қолдауы мен қамқорлығында болады, ол кезде Уашингтон бұл істе ешқандай да түйінді рөл атқара алмайды, бейтараптық қалып ұстайды.