АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Шиелі ауданында «Төңкеріс» ауылы індет ошағына айналды

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 сәуір. Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Төңкеріс» ауылы коронавирустың бір ошағы болып тұр. Бұл туралы Шиелі ауданы ішкі саясат бөліміне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Қазір Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар саны 37 болып тұрса, солардың 11-і Шиелі ауданының еншісіне тиеді. Бұлардың да дені жоғарыда аталған ауылдық округтің аумағында тіркелген.
«Бүгін арнайы 25 адамнан құралған әскери жасақ «Төңкеріс» ауылына санитарлық дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауыл аумағы дезинфекцияланды», – деп хабарлады ішкі саясат бөлімі.



