ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Кімдер коронавирустың құрбандары болып жатыр?

МӘСКЕУ. 6 сәуір. Қытай медиктері коронавирус кезінде ең осалдық көрсететін пациенттердің топтарын атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Американың торакал қоғамының (ATS Journals) журналында жарияланған есепте COVID-19 инфекциясы буырқанысының бастапқы кезінде қайтыс болғандардың басым көпшілігі жастары 50-ден асқан, жұқпалы емес созылмалы сырқаттармен, мәселен, диабет, жүрек ишемиясы немесе гипертония секілді науқастармен ауыратын ер кісілер екені айтылады.

Зерттеу авторлары Уханьдағы екі госпитальда көз жұмған 85 адамның жағдайын қарастырғаннан кейін осындай шешімге келген. Марқұм болған пациенттердің орта жасы 65,8-ді құраған. Бұлардың 72,9 пайызы еркектер болып шыққан.

Дәрігерлер өлгендер симптомдарын тексергенде, оларда жоғары температура (85 пациеттің 78-інде), демікпе (60) және әлсіздік (50) секілді белгілердің көптеп кездескені анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде жаһанда барлығы 1,15 млн-ға жуық адам коронавирус жұқтырып алып отыр, науқастардың 63 мыңға жуығы қайтыс болған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button