Ресейде де індет құрметіне Ковид деген бала пайда болды

НОВОКУЗНЕЦК. 6 сәуір. Ресейдің Кемерово облысындағы Новокузнецк қаласында дүниеге келген ұлдарына ерлі-зайыптылар «Ковид» деген есім берді. Бұл туралы Ura.ru порталы хабарлады.
Ерлі-зайыпты екеу журналистермен кездесулері кезінде ұлдарын коронавирустың құрметіне осылай атағандарын айтып берді. Бұған қоса олар мұны орыстарда бұрын «Ковид» деген адам атының болмағандығымен байланыстырған. Мұны аз десеңіз, бұл жұптың ойынша, мына ныспы кейін баланың бойына ерекше қуат беретін болады.
«Бұл әдеттегі біздің Ваня, Саня, Толя немесе Коля дегендерге қарағанда, әлдеқайда әдемі естіледі. Ешкіммен шатастырмайсың», – депті балағы әкесі.
Оның айтуынша, нәресте қазірдің өзінде күші мен мінезін көрсетіп бағуда, әсіресе, оянған кезінде қиғылықты салады. Отбасылық жұп Ковидтің болашағы жақсы болатынына сенімді.
Біз бұдан бұрын Үндістанда туған егіз қыз бен ұлға Корона және Ковид деген есімдер қойылғанын жазған едік.






